ҚР Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығын, ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысын басшылыққа ала отырып,
жалпыға бірдей міндетті оқу қорының есебінен жекелеген әлеуметтік мәртебесіне байланысты аз қамтамасыз етілген және күнкөрісі төмен отбасынан шыққан балалар, әлеуметтік атаулы көмек алатын отбасылардан шыққан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру үшін бір көзден алу тәсілімен жеке кәсіпкер А.Д.Мамбетова шақырылды.
Мектептің 1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған оқушыларын бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтуға бұйрық шығарылып, оқушылар тізімі жасақталды. Мектеп бойынша 2317 оқушы бар. 1-4 сынып оқушылары арасында 1186 оқушы. Оның ішінде 4 оқушы үйден оқиды. Бастауыш сынып бойынша - 1181 оқушы, оның ішінде аз қамтылғаны – 77 оқушы. 5-11сыныпта-1131 оқушы, оның ішінде аз қамтылғаны- 24 оқушы. Мектеп бойынша жалпы осал топтан шыққан оқушы саны- 98 оқушы. Биылғы жылы барлығы - 1205 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Жалпыға бірдей ІІ апталық ас мәзірі жасақталып, бес күндік ас мәзірі бекітіліп, күнделікті тағам сапасы тексеріліп, қаралып отырылады. Ай сайын ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың табельдері мен актісі жасалып, ауырып қалған оқушылардың анықтамасы алынып, есеп бөліміне бір данасы тапсырылып отырылады. 4 сынып оқушылары мен аз қамтылған оқушыларын бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтуға бұйрық шығарылып, оқушылар тізімі жасақталды. Сонымен қатар тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланып отырылады. Өз қалталарынан сатып алуды ұйымдастыру мақсатында күнделікті ыстық пирожки мен кептірілген жемістен қайнатылған шырын сатылу жолға қойылған. Сатуға тыйым салынған тағамдарға жол берілмеген. Оқушылардың уақытылы тамақтануына және тамақтану режимінің сақталуына, тазалығына үнемі бақылау жасап отыру сынып жетекшілерге міндеттелді. Асханаға әкелінген шикізат өнімдерінің саны мен сапасы,сақталу мерзімі тексеріліп, актісі жасақталды.











