№ 18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 2018 жылдың 26 – 30 аралығында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай апталық өтуде. Апталық 26.11 күні басталды «Менің тұңғыш Президентім» атты кітаптар көрмесі өтті, сонымен қатар 27.11 күні «1 декабря – День Первого Президента Республики Казахстан» тақырыбында 4 «а» сыныбында сынып сағаты, «Менің тұңғыш Президентім!» тақырыбында 5 «е», 3 «е» сыныбында тәрбие сағаттары және 4 «и» сыныбында «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ал, 7 «в» сыныбында «Президент моей страны» атты ашық шаралар өтілуде. Апталығымыздың мақсаты жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құрметті тұлға екенін таныту болды, және де өз мақсатына жетуде.
















