«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» күніне арналған концерттік шара өтті. Шараның мақсаты Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу болды. Тәуелсіздік күніне арналған ашық шаралар мектебіміздің әр сыныбында өткізілді.
Концерттік шарамызды Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін мектебіміздің 10 «г» сынып оқушысы Кісенбаева Айсаның мәнерлеп оқуымен басталды. Ашық шарамыз екі тілде жүргізіліп өз жалғасын тапты. Сонымен қатар мектебіміздің іс – шараларына ат салысып, қол үшін беріп жүрген қонақтар шақырылып Тәуелсіздік күнімен құттықталып алғыс хатпен марапатталды.Айта кетсек Дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің директоры Мұрат Жарылғасов, Жылыой ауданы мешітінің бас имамы Арман Исаев, Бағлан Айқожаұлы, «Теңізшевройл» күрделі жөндеу ұжымы.Концерттік шарамыз ары қарай 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығы жөнінде көрініс көрсетілумен жалғасын тапты.Сонымен қатар мектебіміздің өнерлі ұл қыздары би билеп, ән салды. Концерттік шарамыз өз мақсатына жетті.

















