№ 18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша қараша айының 23 мен желтоқсан айының 23 аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» тақырыбында мектепішілік ашық шаралар өтті. Сонымен бірге төтенше жағдайлар бөлімінен Кенжебеков Қобылан мырзаның қатысуымен «Уақытты текке өткізбе, Тез хабар бер «101»-ге» атты 6 сыныптар арасында ашық шара өтті.
Жалпы өрттен сақтану, өртті болдырмау жөнінде келген қонағымыз Кенжебеков Қобылан мырза баяндап берді. Ашық шарамыз әрі қарай оқушылар екі топқа бөлініп сайыс ретінде жалғасын тапты. Сайыстың алғашқы кезеңі «Сәлемдесуден» басталды. Әр топ сәлемдесіп, ұрандарын айтты. ІІ кезең сұрақ – жауап ретінде жалғасын тапты. Келесі кезеңде «Тез әрі епті» ойнымен жалғасты. Ойынның шарты: кедергілер арқылы жүгіріп өтіп,ойша болып жатқан өртті өшіру керек. Жүгіріп келіп, келесі ойыншыға эстафетаны жалғастырды. ІҮ кезеңде «От пен су тілсіз жау» тақырыбында әр топ сурет салып, жұмыстарын таныстырып қорғады. Келесі кезеңде жағдаяттарды талдады. Жалпы ашық шарамыз өз мақсатына жетті. Көрермендер де, сайысқа қатысушылар да өрттен сақтану және өртті болдырмау жөнінде түсініктерін кеңейтті.


















