№ 18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 2018 жылдың 19 – 30 қараша аралығында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында сынып сағаттар мен ашық шаралар және имаммен кездесулер өтті.

Қарашаның 19 күні 5 «г» сыныбында «Экстремизм проблема современности», 5 «д» сыныбында «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. 20 күні 6 «а» сыныбында «Что такое религиозный экстремизм», 6 «ж» сыныбында «Діни экстремизм дегеніміз не?» тақырыбында видеороликтер көрсетіліп, сынып сағаттар өткізілді. Ал, 21 күні 7 «е» сыныбында «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында ашық шара өтті. 22 күні 8 д сыныбында «Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Сонымен қатар осы күні 8 – 11 сынытар арасында «Ислам – өмірлік құндылық» тақырыбында имаммен кездесу өтті. Ал қарашаның 23 күні 11 г сыныбында «Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп», ал 11 «а»сыныбында «Мы против экстремизма» тақырыбында оқушылармен пікір алмасу өтті. Жалпы бұл апталықтың мақсаты ислам құндылықтары мен қазақ салт – дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бары туралы түсініктерін қалыптастыру. Сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің қаупі туралы оқушылардың білімдерін кеңейту болды, және де апталық өз мақсатына жетті.

.