№ 18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес» тақырыбында 16.01 – 25.01 аралығында  мектебіміз бойынша ашық шаралар мен сынып сағаттар өтті.

Апталықтың мақсаты ашық шаралар мен сынып сағаттар арқылы оқушылардың санасына «Сыбайлас – жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Сонымен бірге әрбір оқушының бойына патриоттық сезімді сіңіру. Мысалға 16 қаңтар күні 5 «в» сыныбында «Вместе против коррупции» тақырыбында оқушылардың арасында пікірталас болды. Оқушылар екі топқа бөлініп  өз ойларын білдірді. 17 қаңтар күні 8 «в» сыныбында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты сынып сағатында «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды кеңінен ашты. 23 қаңтар күні 6 «а» сыныбында «Мир без коррупции»  тақырыбында ашық шара өтті. Оқушылар видеоролик тамашалап алып, «сыбайлас жемқорлық» туралы өз ойларын білдірді. Сонымен қатар ертегілерден үзінді көрініс қою арқылы сыбайлас жемқорлықтың салдарын көрсете білді. Жалпы апталығымыз өз мақсатына жетті.

.