№ 18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша  27 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» атты республикалық кең ауқымды балалар акциясына орай 1 – 4 сынып оқушыларына арналған «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» атты мектепішілік суреттер байқауы өткізілді. Байқау жеңімпаздары Бас жүлдені 3 «в» сынып оқушысы Беркимбаева Алина, І дәрежелі дипломмен 3 «к» сынып оқушысы Махамбет Айшабибі, ІІ дәрежелі дипломмен 1 «и» сынып оқушысы Бисенғали Айару, ІІІ дәрежелі дипломмен 3 «а» сынып оқушысы Дюсова Каусар марапатталды.


Осы тақырып аясында жоғары сынып оқушылары арасында « Мен OFFLINE» тақырыбында эссэлер байқауы өтті. Эссэ байқауына белсенділік танытқан оқушылар да дипломмен марапатталды. Айта кететін болсақ, 8 «в» сынып оқушылары: Салихова Таңсәрі, Рахмет Зарина, 9 «в» сынып оқушысы: Таушанова Нұрайна марапатталды. Сонымен қатар барлық сыныптарда « Информационная безопасность детей в сети Интернет», «Интернетсіз бір күнімді қалай өткіземін?» сынды сынып сағаттар өтті. Сынып сағаттарында оқушылар пікірталасып, өздеріне қажетті көптеген мағұлматтар алды. Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» атты республикалық кең ауқымды балалар акциясы өз деңгейінде өтті.