«Қазақстан – мейрімділік мекені» республикалық балалар бастамасы мектепішілік іс – шараларымызбен өз бастамасын тапты. Айтатын кететін болсақ бастауыш сыныптарда соның ішінде 3 «з» сыныбында «Құстарға қамқоршы болайық» ашық шара өтті. Ашық шарада оқушыларға жергілікті жерде мекендейтін құстар туралы мағұлмат берілді. Оның ішінде қыстап қалатын құстар туралы түсінік беріліп, қамқорлық жасауды, ұяны қолдан жасауды үйренді. 4 «и» сыныбында «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тәрбие сағаты өтті. Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек екендігі жөнінде көп мағұлмат берілді. Тәрбие сағатында ізгілік жөнінде әр түрлі ситуациялық көріністер көрсетілді. 

Сонымен бірге «Тимуршылар» командасы еңбек ардагері А. Абдрахманов мырзаның үйіне барып көмектесіп, атаның батасын алып қайтты. «Қазақстан  - мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасының бірінші апталығын осындай  іс – шаралармен қорытындыланды. Алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

 

.