1 наурыз – Алғыс айту күнін мерекелеу бойынша іс – шаралар жоспары жасақталып, ашық шаралар өтті. Ақпан айының 27 күні 11 «в» сыныбында «Алғыс айту парызымыз» тақырыбында сыпып ішінде дөңгелек үстел өтті.

1 наурыз – Алғыс айту күнін мерекелеу бойынша іс – шаралар жоспары жасақталып, ашық шаралар өтті. Ақпан айының 27 күні 11 «в» сыныбында «Алғыс айту парызымыз» тақырыбында сыпып ішінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ойларын білдіріп, пікір алмасты. Сонымен бірге Алғыс айту күні әр мемлекетте қай күндері мерекелейтіні туралы айтылып, мағұлмат берілді. Ақпан айының 28  күні «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттар өтті. Соның ішінде 3 «ж» сыныбында осы тақырыпта сынып сағаты өттілді. Оқушыларға Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет екені айтылып, оқушылар әр түрлі ұлт өкілдерінің киімін киіп бір – біріне алғыс білдіріп, өлең айтып, би – биледі. 9 «д» сыныбында да оқушылар ұлттық нақышы бар киім киіп Алғыс айту күнін ерекше атап өтті. Ал 11 сыныптың белсенді оқушыларымен бірге мектеп әкімшілігі көшеміздің тазалығын сақтап, қаламыздың дамуына кішкене болса да өз үлестерін қосып жатырған тазалық қызметкерлеріне алғыс білдіріп, ыстық шай мен бәліш және шоколад беріп қайтты.Тимуршылар командасы тыл еңбек ардагерлерінің үйлерін аралап, алғыс білдіріп, баталарын алып қайтты. Сонымен бірге 1 наурыз күні «Алғыс айту күні» тақырыбында линейка өтті. Алғыс айту күні жалпы мектебіміз бойынша ерекше тойланып, оқушылардың санасына мейірімділік сезімі ұяланды.