№18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша  мектеп ұжымы арасында «Пай – пай, шіркін, қазақтың келіндері – ай!» атты келіндер сайысы өтті. Сайыстың жүру тәртібі:


1) Ұйымдастыру;


2) Келінді таныстыру;


3) Әділ қазылар алқасын таныстыру;


4) Сайыстың шарттарымен танысу;


5)Сайысты қорытындылау тәртібімен жүрді.


Ұйымдастыру кезеңінде келіндер жеребе таңдау арқылы шығатын нөмерлерін анықтады. Келіндер сахнаға шашу шашып бірінен соң бірі шықты. Сайысқа мектебіміз бойынша 5 келін қатысты. Жүргізуші әрбір келінді сипаттап таныстырды. Әділқазы мүшелері болып мектеп директоры Жаймұханова Ұлжан Шоқанқызы; мектеп директорының оқу ісінің орынбасары Сапиева Шолпан Матжанқызы және ардақты ана, аяулы әже, елеулі ене Карагулова Гүлжан ханым болды. Сайысымыз 7 «д» сынып оқушысы Жұмабаев Әділжанның орындауында «Ассалаумағалейкум» әнімен басталды. Содан кейін І тур «Тегін білу – тектілік», яғни өзін – өзі таныстыру бойынша  келіндеріміз өздерін таныстырды. І нөмерлі келін биология пәнінің мұғалімі Жаукен Асыл, ІІ болып мектеп психологы Газимова Эльмира, ІІІ болып информатика пәнінің мұғалімі Қуанышова Асел, ІV болып мектеп медбикесі Рамазанова Айнұр, V болып өнер көрсеткен мектебіміздің тәлімгері  Еспенбетова Гулдана. ІІ тур басталғанша  6 «б» сынып оқушысының орындауында «Батырлар ұраны» әні орындалды. ІІ тур бойынша келіндер өз өнерлерін көрсетіп көрерменді біршама таңқалдырды. Өнерлерін көрсетіп болғасын 5 «б» сынып оқушысы Қанатбекқызы Жарқын «Тор жорға» биін биледі. ІІІ тур «Сыр  - сандық» бойынша келіндеріміз салт – дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Келесі тур басталғанша 6 «б»  сынып оқушысы Ғарифолла Нұртас «Самға» әнін орындады. ІV,V тур қосылып өттіәрқайсысы ұлттық нақышы бар қолдан жасаған қол өнер көрсетті.Сонымен бірге өздерінің пісірген ұлттық тағамдарын халық назарына ұсынды.Әділ қазы мүшелері шешім қабылдап болғанша  мектебіміздің қыздар би тобы «Батырлар» биін биледі. Қорытындылай келе әділ қазы мүшелерінің әділ шешімі бойынша  «Пай – пай, шіркін, қазақтың келіндері – ай!» сайысының ІІІ дәрежелі дипломымен Қуанышова Асел, Газимова Эльмира, ІІ дәрежелі дипломымен Рамазанова Айнұр, Еспенбетова Гулдана, І дәрежелі дипломмен Жаукен Асыл марапатталды.

.