Атырау облысы, Құлсары қаласы № 18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 4 – 17 сәуір аралығындағы «Қауіпсіз Интернет» республикалық ақпараттық кампаниясының жоспарына сәйкес 08.04 күні 6 «з» сыныбына «Интернет дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары туралы түсінік берді. Интернет желісіндегі әр түрлі сайттарды туралы айтылып олардың пайдалы және зияны туралы оқушылар топ – топ болып плакат жасап қорғады09.04 күні 7 «д» сыныбында «Интернет және біз» атты ашық сабақпен жалғасын табуда. Ашық сабақта оқушылар интернеттің пайдасы мен зияның талқылап пікір алмасты. Оқушылар реферат қорғап сабақтың тақырыбын аша білді. Ашық сабақ өз мақсатына жетті.
https://18-zhylyoi-bb.testim.kz/kz/zhanaly-tar/147-internet-degenimiz-ne.html#sigFreeIda898565636











