«Ынтымақ, бiрлiк, келiсiм – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында мектебімiз бойынша салтанатты жиын өтті. Мерекелік салтанатты жиынымыздың басты мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елiн, жерiн сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.


Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет – ғұрпын сыйлауға үйрету. Салтанатты жиынды 10 «г» сынып оқушысы Кiсенбаева Айсана «Ұлы достық» авторы Махмет Қалиахметов мырзаның өлеңiн оқудан басталды. Жүргізуші ең бiрiншi құттықтау сөзді мектеп директорына берді. Содан кейін «Атамекен» әнiмен жалғасын тапты. Орыс, Өзбек, чечен, испан, үнді билерiменжалғасып отырды. 6 «а» сынып оқушысы Ғарифолла Нұртастың орындауында «Өз елiм» әнiмен жалғасып отырды. Қорытындысында оқушылар хормен «Родина моя» әнiмен қорытындыланды. Салтанатты жиынымыз өз мақсатына жетті.

.