Жылыой ауданы білім бөлімінің 2019 жылдың 11 қыркүйектегі 04 – 04 – 07 №1541 хаты негізінде Атырау облысы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 9 – 18 қыркүйек аралығында «Зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» онкүндік акциясы ұйымдастырылды.
«Оқушылармен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын – алуда мектеп пен отбасы – серіктестер» тақырыбында ата – аналар жиналысы өтті. 4 «а» сыныбында «Папа, мама и Я – спортивная семья» атты отбасылық сайыс өтті. 10 «б» сыныбында «Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын – алу міндеті» тақырыбында дәріс оқылды. 9 «в», 10 «г» сыныбының қыздары арасында репродуктивті денсаулық тақырыбында қыз балаларға арналған топтық дөңгелек үстел өтті. 9 «а», 8 «ж» сынып оқушыларымен «Зорлықсыз балалық шақ» тақырыбында тренинг өтті. Сонымен бірге «Қорықпа, бізге қоңырау шал, біз саған көмектесеміз» деген тақырыпта баннер жасалып мектебіміздің көрнекті жеріне орналасты. Онкүндік акциясы туралы ақпарат мектеп сайтына және «facebook» парақшасына орналастырылды.
https://18-zhylyoi-bb.testim.kz/kz/zhanaly-tar/165-zorly-zombyly-syz-zh-ne-atygezdiksiz-balaly-sha.html#sigFreeId6dfd425814











