№ 18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 25 қазан күні сағат 12:00 – де барлық сыныптарда «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары өтті.
1 – 4 сыныптар арасында «Менің жанұям», «Менің отбасым – ең үздік» атты фотосуреттер көрмесі, 5 - 8 сыныптар арасында «Менің отбасымның тарихы», «Менің отбасымның фотосуреттердегі тарихы» атты фотокөрмесі, отбасылық құндылықтар туралы әңгіме сабақтар мен диспуттар өтті. 9 – 11 сыныптар арасында «Менің шежірем», «Отбасының рухани құндылықтары» атты өз отбасылары туралы, жалпы отбасы құндылықтары әңгіме – презентация өтті. Сонымен бірге «Мен елімнің ертеңімін» атты республикалық бірыңғай сынып сағаттары өтті.
https://18-zhylyoi-bb.testim.kz/kz/zhanaly-tar/167-otbasy-t-rbie-basy-mektep-t-rbie-zharshysy.html#sigFreeId6d330d5326











