Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Білім күніне мектебіміз суреттегiдей дайындықпен ең алғашқы 1 сыныптарға "Кел, балалар, оқылық!" салтанатты жиыны, 2 - 11 сыныптарға "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында ең алғашқы сабағымыз басталды.