№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 1 сыныптарға арналған "Кел, балалар, оқылық!" тақырыбында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында 1 сынып оқушыларының барлығына "Әлiппе", "Букварь“ салтанатты түрде табысталып, бүлдіршіндер өлең шумақтарын оқыды. Сонымен бірге мектеп директоры Ибраева Алтынгул Амангелдiқызы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердi құттықтады.