Жылыой ауданы білім бөлімінің 2021 жылдың 17 тамызындағы 04-04-07-03/1992 шығыс хаты негізінде сонымен қатар "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы шеңберінде №18М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 17 қыркүйек күні "Жол тәртібін бiлейiк, аман - есен жүрейік" тақырыбында бiрыңғай сынып сағаты өтті. Соның ішінде 3 "ж" сыныбында сынып жетекшісі Тунишева Жұлдызай Алдабергеновнаның ұйымдастыруымен жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету мақсатында ашық шара өтті.