№ 18М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 2021 – 2022 оқу жылына нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын –алу шаралар жоспары жасақталып бекітілді. Жоспарға сәйкес нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын – алу шаралары бойынша рейдтер ұйымдастырылды. Сонымен бірге жоспарға сәйкес «Наркотики - не моя тема!», «Нашақорлыққа қарсы күрес» тақырыптарында оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру мақсатында 9 «а» және 7 «з» сыныптарында сынып ішілік ашық шаралар өтті.