"Вейп - денсаулыққа өте қауіпті! "
№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бойынша 2021 жылдың 8 желтоқсан күні 7-8 сынып оқушылары "Вейп - денсаулыққа өте қауіпті! " тақырыбында мектептің психологтары Кадырова Рыскуль Амантайқызы және Қожиева Гүлбарам Серікқызының ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен бiрге жиналысқа мектебімiздiң медбикесі Жұмабаева Алмагүл оқушыларға электронды шылымның адам ағзасына келтіретін зияндары туралы мағлұмат берді. Сонымен қатар 9-11 сынып оқушылары мен ата - аналарына арнайы дайындалған жадынамалар "WhatsApp" әлеуметтік желілері арқылы таратылды.
https://18-zhylyoi-bb.testim.kz/kz/zhanaly-tar/204-vape-densaulikkaotekayipti.html#sigFreeId1920f3323f











